Шәкірт қадірлеген ұстаз

02.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ол шәкірттің дүниетанымын қалыптастырып, оның өмірлік бағытын айқындауға ықпал ететін тұлға. Қоғамның рухани, зияткерлік дамуы ең алдымен осындай ұстаздардың парасаты мен табанды еңбегіне байланысты. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай қызмет етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсету – азаматтық парыз.

Өзім білім алып жүрген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінде осындай білікті ұстаздардың тәлімін көріп келемін. Солардың бірі – ғылыми жетекшім, аса қадірлі ұстазым Бақытгүл Ілесова. Ол – саналы ғұмырын білім мен ғылым саласына арнаған тәжірибелі педагог. Қазіргі таңда Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпа­раттық жүйелер кафедрасында кафед­ра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әрі аға оқытушы қызметін атқарады. Ұстаздық жолында үлкен жауапкершілік танытып, болашақ мамандарды даярлау ісіне елеулі үлес қосып жүр.

Ұстаздың шынайы болмысы тек кәсіби біліктілігімен ғана емес, шәкірттерге деген жанашырлығы мен адамгершілік қасиеттері арқылы айқындалады. Бақытгүл Ералықызының талапшылдығы, іскерлігі, білімге деген адалдығы студенттерге әрдайым үлгі. Оның еңбегі талай шәкірттің ғылым мен білім жолына сеніммен қадам басуына себеп болып отыр.

Білім саласында табысты еңбек ету – үлкен төзімділікті, терең білімді және жүрек жылуын талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, Бақытгүл Ілесова – өз мамандығына адалдық танытып келе жатқан абзал жан. Оның өнегелі жолы мен ұлағатты ісі – жас ұрпаққа, әріптестеріне үлгі. Осын­дай оқытушылардың еселі еңбегі арқылы білім ордаларының беделі артып, ел ер­теңін сеніп тапсыратын білікті мамандар
қалыптасады.

Жаннұр ЗАТЫХАН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада құрғақ шөп өртенді: Үйлер мен ғимараттарға қауіп төніп тұр

Оқиға • Кеше

Қазақстан мен Украина телефон алаяқтарына қарсы бірлескен операция жүргізді

Қоғам • Кеше

FlyArystan әуе компаниясы Дубайға рейстерді мамырдың ортасына дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адам 24 жылдан кейін сотталды

Оқиға • Кеше

Ертең еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Үй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді

Ата заң • Кеше

Алматы зообағында дүниеге келген амур жолбарыстарына есім берілді

Жануарлар • Кеше

Маңғыстауда жанармай бекетінде жарылыс болып, жұмысшыны күйік шалды

Оқиға • Кеше

15 жастағы қазақ баласы «Барселонамен» келісімшартқа отырды

Футбол • Кеше

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Оқиға • Кеше

Абай облысында адам саудасымен айналысқан көпбалалы ана сотталды

Оқиға • Кеше

ЖИ көмегімен жаңарған мұра: Ежелгі петроглифтер көрмеге қойылады

Көрме • Кеше

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқыны 5 есе артты

Қоғам • Кеше

«Шәмші әлемі»: Астанада композитор құрметіне музыкалық инсталляция орнатылды

Елорда • Кеше

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью