Шалғайдағы аудандарда ұялы байланыс қашан қосылады

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

- Қазақстан SpaceX компаниясының Direct-to-Cell (D2C) спутниктік технологиясын енгізуді бастаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. Бұл жоба елімізде 2026 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске асырылады. Технологияны дайындау барысындағы маңызды қадам ретінде 2025 жылдың желтоқсанында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Beeline Қазақстан» президенті Евгений Настрадин және SpaceX (Starlink) компаниясының мамандары Орталық Азияда алғаш рет D2C технологиясына далалық сынақтар жүргізді, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сынақ барысында қарапайым мобильді телефонның көмегімен Starlink спутниктік желісі мен Beeline-ның жерүсті желісінің интеграциясы арқылы хабарламалар мен мессенджердегі қоңырау сәтті жүзеге асырылды.

Ведомство ақпаратына қарағанда, Direct-to-Cell технологиясының басты артықшылығы — стандартты смартфондарды ешқандай қосымша жабдықсыз тікелей спутникке қосу мүмкіндігі.

- Бұл дәстүрлі телекоммуникациялық инфрақұрылым жоқ аймақтарда — таулы жерлерде, жазық дала мен шалғайдағы аудандарда базалық байланыстың қолжетімді болатынын білдіреді. Атап айтқанда, технология кезең-кезеңімен енгізіледі. Бастапқы кезеңде пайдаланушылар SMS-хабарламалар жібере алады, ал келесі кезеңдерде дыбыстық байланыс пен басқа да сервистер қосылады. 2027 жылы негізгі қызмет түрлерінің басым бөлігі іске қосылады деп жоспарланған, - деп аталып өткен Жасынды интеллект министрлігі мәліметінде.

Бұған дейін Қазақстандағы мектердің біразы не себепті Starlink жүйесінен бас тартқанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью