Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғынның үйіне ұры түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полицияның мәліметінше үйден құны шамамен 1 млн теңге болатын алтын бұйымдар мен әшекейлер ұрланған.
"Ұры пәтерге есікті бұзып немесе құлыпты ашып кірмеген. Үй иесі кілтті кіреберістің жанындағы кірпіштің астына қалдырған. Күдікті жасырылған кілтті тауып, оны пәтерге кіру үшін пайдаланған", - дейді полицейлер.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол пәтерден ұрланған заттарды ломбардқа өткізген.
Қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға пәтер кілтін есік маңындағы кірпіштің, кілемшенің немесе көпшілікке белгілі басқа жерлерге қалдырмауға кеңес берді.