Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шалқар ауданының орталығында В.Н.Цеханович атындағы спорт кешені ашылды. Бокс, дзюдо, грек-рим күресі сияқты олимпиадалық спорт түрлерімен бір мезетте жүзден астам бала жаттығуға лайықталған бірнеше залы, киім ауыстыратын бөлмелері мен 300 орындық трибунасы бар жаңа кешен ашылғанына жұртшылық қатты қуанды.
Осыған дейін балалар 1904 жылы ОрынборТашкент теміржолы өткізілген кезде салынған ескі ғимаратта жаттығып келген. Ауданда спортқа құштар жас көп болғанымен, аумағы 300 шаршы метрден аспайтын ескі ғимаратқа олардың бәрін сыйғызу мүмкін емес еді. Бұл жайында 2023 жылы облыс әкімі Асхат Шахаров Шалқар ауданына келген сапарында №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі тәрбиеленушілерінің ата-аналары құлаққағыс еткен еді. Көп кешікпей жаңа кешен құрылысы басталып, үш жылға жетер-жетпес уақытта пайдалануға берілді.
Салтанатты іс-шараға Самара қаласынан арнайы келген Владимир Цехановичтің қызы Елена Цеханович Шалқар ауданы тұр-ғындарының 1970–1990 жылдары талантты спортшы тәрбиелеген әке есімін ұмытпай отырғандарына ризашылығын білдірді. Бұл жерде Владимир Цеханович мектеп оқушыларын грек-рим күресіне баулып, талай талантты спортшыларды тәрбиелеп шығарды. Олардың арасынан марқұм Есенгелді Батырғарин озып шығып, КСРО халықтары Спартакиадасының бес дүркін чемпионы болды. Осы мектептің ізгі дәстүрін кейін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Мейрамбек Айнағұлов пен әлем чемпионы Қуанышбек Жаңажол жалғастырды.
Жаңа да заманауи жабдықталған кешенге халықаралық са-йыстарда еліміздің көк байрағын желбірететін талантты да, талапты балалар көптеп келеді деген сенім бар.
Ақтөбе облысы
Соңғы жаңалықтар
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Қазақстан • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:12
Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды
Үкімет • Бүгін, 09:00
Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды
Саясат • Бүгін, 08:55
Шыны зауытындағы бірегей жобалар
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі
Энергетика • Бүгін, 08:45
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қоғам • Бүгін, 08:40
Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам
Пікір • Бүгін, 08:38
Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс
Зерде • Бүгін, 08:35
Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады
Ата заң • Бүгін, 08:33
Білім • Бүгін, 08:30
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Пікір • Бүгін, 08:28
Тәрбие • Бүгін, 08:25
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Пікір • Бүгін, 08:22
Наурыз айындағы тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 08:20