Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған Шәмші әндері өнер фестивалі өтеді

14.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

2026 жылғы 18 шілде күні сағат 19:00-де Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән әлемінің дара тұлғасы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Фестивальдің басты мақсаты – композитордың мол музыкалық мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және көрермен қауымға Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік құндылығын паш ету.

Фестиваль аясында еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен жас орындаушылар қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, Мөлдір Әуелбекова, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, «Melomen» тобы, Алтынай Жорабаева, «Сарын» тобы, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және «Turan Boys» тобы өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью