Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Бүгін, 15 тамыз — қазақ музыкасының алтын қорына өшпес мұра қалдырған, «Ән падишасы», «қазақ вальсінің королі» атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары арада қанша жыл өтсе де, өз мәнін жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Себебі Шәмші жазған әндер уақытқа емес, адам жүрегіне жазылған.
Композитордың әрбір әнінен халқымыздың қуанышы мен сағынышы, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен елге деген ыстық ықыласы сезіледі. Оның сырлы саздары қазақтың рухани дүниесінің ажырамас бөлігіне айналып, халық жүрегінен мәңгілік орын алды.
Шәмші әндері — өткен мен бүгінді, аға буын мен жас ұрпақты жалғайтын рухани көпір. Ұлы композитордың «Өмір өзен» сынды сырлы әндері бүгінгі күнге дейін тыңдарман жүрегін тербеп, ән әлеміндегі құндылығын жоғалтпай келеді.
Осы орайда Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған «ӘН АҒАСЫ – ШӘМШІ» челленджін бастаймыз!
Басты мақсатымыз — ұлы композитордың өлмес мұрасын жаңғыртып, оның әндерін кейінгі ұрпаққа насихаттау, қазақ ән өнерінің дара тұлғасына деген құрметті арттыру.
Шәмші әні — халық жүрегінде!
Шәмші мұрасы — мәңгілік әуен!
Әнмен тербелген елдің рухы биік!
Челлендж эстафетасын Қармақшы және Арал аудандарының Жастар ресурстық орталықтарына, сондай-ақ ән әлеміндегі барша өнер иелеріне жолдаймыз!
Челленджді қабыл алыңыздар! Шәмші әлеміне бірге саяхат жасап, ұлы композитордың әндерін бірге дәріптейік!