Шанағын түсірмеген жүк көлігі тасжолдағы арканы зақымдады: шығынды кім өтейді

31.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Алматы – Қорғас" тасжолында бақылау аркасының бір бөлігін зақымдаған жүк көлігінің иесі шығынды өтеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін осы жолдың 120-шақырымында "Shacman" жүргізушісі көліктің шанағын түсіруді ұмытып кеткен. Бақылау аркасының астымен өтіп бара жатқанда шанағы аркаға тиіп кеткен.

© Photo : ҚазАвтоЖолАлматы – Қорғас тасжолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

Алматы – Қорғас тасжолында жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады

© Photo : ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" мамандары оқиға орнына жедел жетіп, көлік қозғалысын қалпына келтірді.

"Алдын ала ақпарат бойынша оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді компания мамандары.

Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Барлық шығынды көлік иесі төлейді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью