Шаңды дауыл, жаңбыр: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

01.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АЛМАТЫ, 1 маусым – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Қазгидромет".

Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

2 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады. Ал 3 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарында, 3-4 маусымда Ақтөбе облысында, 4 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы батыста күндіз +23…+28°С-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыста +13…+26°С аралығында құбылады. Солтүстікте +25…+32°С, орталық пен шығыста +27…+36°С дейін ыстық болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста температура сәл төмендейді. Шығыста ауа температурасы +25…+35°С шамасында сақталады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью