Шаңғы жарысынан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды

22.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында классикалық мәнерде 50 шақырым қашықтыққа еліміздің атынан Надежда Степашкина мен Анна Мельник қатысты. Нәтижесінде Надежда Степашкина 31, Анна Мельник 35-орынды місе тұтты.

Бұл жарыста Эбба Андерссон (Швеция) алтын алса, Хейди Венг (Норвегия) пен Надя Келин (Швейцария) одан кейінгі орындарды өзара бөлісті. 

Айта кетсек, шаңғы жарысынан ұзақ жылдан бері Солтүстік Еуропа аумағында орналасқан Скандинавия түбегі елдерінің спортшылары көшбасшы саналады.

Миландағы Олимпиадада спорттың бұл түрінен 12 жүлде жиынтығы (ерлер 6, әйелдер 6) сарапқа салынды. Онда еліміздің атынан Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Надежда Степашкина мен Анна Мельник жарыс жолына шықты.

2026 жылғы қысқы Олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен шамамен 2 900-3 500 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Қазақстан биыл қысқы Олимпиада ойындарында 10 түрінен 58 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады

Қысқы Олимпиадада еліміздің атынан мәнерлеп сырғанау шебері Михаил Шайдоров чемпион атағын жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью