Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Шанхайда "Дельфин" тайфуны салдарынан рекорд мөлшерде нөсер жауды. Бір тәулік ішінде қалада 313 миллиметрге жуық жауын-шашын түсті - бұл кейінгі150 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Билік аса қауіпті аудандардың тұрғындарын эвакуациялады, ал синоптиктер жаңа жауындар мен су тасқыны және көшкін қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?
Қолайсыз ауа райы көлік қатынасына айтарлықтай кедергі келтірген: 1300-ден астам әуе рейсі тоқтатылып, кейбір пойыздардың қозғалысы ішінара шектелді. Тайфун Тайвань, Гонконг, Жапония және Филиппинге де әсер етті.
CGTN Europe телеарнасының TikTok-тағы хабарлауынша, "Дельфин" биылғы жылдың 13-ші тайфуны болды. Жексенбі күні ол Қытайдың шығыс жағалауына жетіп, өзімен бірге қатты жел мен нөсер жауын ала келді.
Тайфун орталығына жақын жерде желдің жылдамдығы секундына 42 метрге жетті. Бұл Бофорт шкаласы бойынша шамамен 14 балға сәйкес келеді.
Табиғи апат аясында әлеуметтік желілерде Шанхайдағы тайфун салдарының кадрлары пайда болды. Онда су басқан көшелерді, құлаған ағаштар мен зақымдалған ғимараттарды көруге болады.
@cgtneurope Жылдың 13-ші тайфуны "Дельфин" жексенбіде Қытайдың шығыс жағалауына соққы беріп, нөсер жауын мен жойқын жел әкелді. Дауыл күшті тайфун ретінде өтіп, орталығындағы максималды жел жылдамдығы Бофорт шкаласы бойынша 14 балға немесе секундына 42 метрге жетті. "Дельфин" дүйсенбіге дейін аймаққа әсерін тигізеді деп күтілуде, Чжэцзян, Шанхай, Фуцзяньның солтүстігі, Цзянсидің солтүстік-шығысы, Аньхойдың орталығы мен оңтүстігі және Цзянсудың басым бөлігінде нөсер жауын болжанады. #China #TyphoonDolphin #Typhoon #ExtremeWeather #Shanghai #Storm #HeavyRain ♬ original sound - CGTN Europe
Видеолардың бірінде жойқын желдің ағаштарды құлатып, ғимараттардың қаптамаларын ұшырып жатқаны көрінеді.
Ал басқа кадрларда Шанхайдың кей көшелерінде су деңгейінің шамамен жарты метрге көтерілгені байқалады.
@arynews.officialҚытайдың Шанхай қаласында "Дельфин" тайфунынан туындаған қатты су тасқыны. Дереккөз: x/Disaster News #ARYNews
♬ original sound - ARY NEWS
Жергілікті тұрғындардың бірі су басқан көшелерді ерекше тәсілмен пайдалануды жөн көріп, сапбордпен су бетінде серуендеуге шыққан.
@elly39774 Шанхайдағы "Дельфин" тайфуны #typhon ♬ He's a Pirate - Klaus Badelt
Бірақ көптеген тұрғын үшін бұл жағдай көңіл көтерерлік болмады. Дүкен иелері мен бірінші қабаттағы тұрғындарға ғимарат ішіндегі суды ыдысқа құйып, өз бетінше сыртқа шығаруға тура келген.
@shanghaiapartment.bv Шанхайдағы ересектерге арналған алғашқы су паркі. #Shanghai #typhoon #shanghaitravel #liveinShanghai #China ♬ 原声 - Shanghai ApartmentҚаладағы қазіргі жағдай туралы
SCMP дерегінше, Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы тайфун туралы ескерту деңгейін төрт сатылы жүйенің ең төменгі сатысы - көк деңгейге дейін төмендетті.
Дегенмен "Дельфин" сағатына 15–20 шақырым жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Тайфун Шанхай мен Қытайдың шығысындағы басқа аудандарға нөсер әкелген.
Қала билігі тұрғындарды су басуы мүмкін екенін ескертті. Кей аудандарда су деңгейі 30 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін.
Ауа райының қолайсыздығы көлік жұмысын бұзды. Шанхайдың екі әуежайында 943-ке жуық рейс тоқтатылды - бұл жалпы рейстер санының шамамен 40 пайызы.
Тайфун салдарынан кей пойыздар мен метро желілерінің қозғалысы да уақытша тоқтатылған.
Қытайдың шығысындағы басқа аймақтарда да нөсер күтіледі. Кей жерлерде бір тәулікте бірнеше жүз миллиметр жауын-шашын түсуі мүмкін. Билік су басу мен көшкін жүру қаупі туралы ескертеді.
Тағы оқыңыз: Жапониядағы жойқын жер сілкінісі видеоға түсіп қалды: цунами қаупі жарияланды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу