Шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы

07.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Көктемнің алғашқы лебімен келетін ардақты аналар мен аяулы арулар мерекесі – қоғамды ізгілікке, жақсылық пен жасампаздыққа үндей­тін, ыстық ықыласқа толы, мейірбан мейрам. Әйел-ананың қоғамдағы орны, оның отбасын­дағы қадір-қасиеті мен мемлекет дамуындағы үлесі қашанда еліміздің басты назарында.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Бүгінде әйелдер қауымы отбасының берекесін кіргізіп қана қоймай, еліміздегі ауқымды өзгерістің бел ортасында жүр. Қоғам өмірінің барлық саласында зор табысқа қол жеткізіп, көшбасшылық қасиеттерімен танылып келеді. Ең бастысы – саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық құндылық пен салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздың сақталуына өлшеусіз үлес қосып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Әйел жаны қашанда әдемілікке жақын. Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы».

Қоғамның өркениеттілігі оның әйел-аналарға деген құрметімен, қамқорлығымен өлшенеді. Ана­ны ардақтау – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Дегенмен қазіргі жаһандану мен нарық заманында құрмет нақты әлеу­мет­тік қорғау тетіктерімен көрі­ніс табуға тиіс. Бүгінде ана мен бала құқығын қорғау, демогра­фия­лық-әлеуметтік мәселелерді шешу мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Елі­міз – әйелдер мен балалар құқық­та­рын қорғау жөніндегі халық­аралық конвенцияның толық­қанды мүшесі. Президент жа­нын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық сая­сат жөнiндегi ұлттық комиссия тұрақты жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері тарапынан кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Елімізде 150-ден астам үкіметтік емес әйелдер ұйымы белсенді қызмет етіп жатыр. Түрлі жағдайға байланысты ана мен бала құқығын қорғауға бағытталған заңнамалар уақыт талабына сай үздіксіз жетілдіріліп отырады.

Әйел-ананы қолдау – бұл жай ғана әлеуметтік көмек емес, мем­лекеттің болашағына құйыл­ған ең қомақты инвестиция. Қоғам­дағы әрбір ана ертеңгі күніне сенім­мен қарап, өзін мемлекеттің қорғауында екенін сезінгенде ғана ұлтымыздың іргесі берік, рухы биік болады.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халық даналығы. Ал ақ бесіктің иесі – әйел-ана екенін ескерсек, қоғамымыздың келешегі, еліміздің дамуы ардақ­­ты аналарға байланысты. Ардақ­­ты аналарымызға, аяулы қыз-келін­шектерімізге Жарат­қан иенің нұры жаусын, әйел-ананың қажыры мен қайраты, рухы мен жігері, нәзік сезімі мен биік парасаты мәңгі жасай берсін. Баршамызды әр­дайым Ана құдіреті желеп-жебеп жүрсін!

Соңғы жаңалықтар

«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

Футбол • Бүгін, 11:44

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстан • Бүгін, 11:30

Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары басталды

Спорт • Бүгін, 10:27

7 наурызда ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:10

Айнагүл Байжігітова: Алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын қамал жоқ

Сұхбат • Бүгін, 09:40

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Топырақ құнарын зерделеген ғалым

Ғылым • Бүгін, 09:15

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Ауылдан шыққан әлем чемпионы

Спорт • Бүгін, 08:55

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью