24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ел іші - өнер кеніші. 2021 жылдан бері өнертапқыштар додасы үздіксіз өтіп келеді.
Бұл жолы да дәстүрден жаңылмай «Шапағат–2025» республикалық өнертабыстар байқауы ұйымдастырылды. Биыл комиссия ғылым мен техника салаларында тыңнан түрен салғандар ісін саралады. Аталымы да сан алуан. «Жыл өнертабысы», «Әйел және ең белсенді әрі жас өнертапқыштардың» жобаларын салмақтап, «Үздік инновациялық компания» мен «Жас талантты» анықтады. Басымдық инновациялық ортаны дамытуға елеулі үлес қосқан авторларға беріледі. Соны жобалардың тәжірибелік маңызы мен коммерцияландыруға дайындығы, зияткерлік қызметтің құқықтық қорғалуы сияқты талаптар сақталуы тиіс. Бағалау жүйесі де соған сай. Байқауға Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты Qazpatent мұрындық болған.
Жұмабай Байнатов, инженерлік академияның академигі:
- Бүгін кеп отырған жағдайым ең белсенді өнертапқышты маған сыйлапты. Соған рахмет.
Айдын Артықова, ҚР Әділет министрлігі ұлттық зияткерлік меншік институты директорының орынбасары:
- Барлық өнертапқыштардың алған патенттері жәй патент емес. Қазақстан территориясында өнер табыссаласында, түрлі ғылым мен техника саласында жұмыс істейді.