Шапалақ пен айқай: Астанадағы педагог шулы видеодан кейін жұмыстан шығарылды

02.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астана мектептерінің бірінде болған даулы оқиғадан кейін мұғалім жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана мектептерінің бірінде болған даулы оқиғадан кейін мұғалім жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Елорда мектептерінің бірінде болған даулы оқиғаның видеосын редакцияның WhatsApp нөміріне оқырман жолдаған. "Парта астынан" түсірілген кадрлардан мұғалім болуы мүмкін ер адамның оқушыларға дөрекілік көрсеткені көрінеді: ол балаларды шапалақпен ұрып, балағат сөздер айтып, дауыс көтерген.

Астананың Білім басқармасы не дейді?

Ведомство мәліметінше, қызметтік тексеріс нәтижесінде оқушыға күш қолдану дерегі анықталды.

"Педагог Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасы негізінде қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ басқарма өкілдері мектеп басшылығының жауапқа тартылғанын айтты. Директор мен оның орынбасарларына жеке жауапкершілік жүктеліп, оларға ресми тәртіптік жаза қолданылды.

Жағдай бейінді органдардың бақылауында.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью