Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазір апалы-сіңлілі Бохановалардың қаза болу себептері мен мән-жайын БАӘ құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты әзірге оқиғаның басқа да егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
СІМ марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасы мүшелерімен тұрақты байланыста екенін хабарлады.
"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.
Ақжан мен Жұлдыз Боханова Шарджаға жұмыс істеу үшін барған. Туыстары мен таныстарының айтуынша, олар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпаған. Осыдан кейін қыздарды іздеу басталып, кейін олардың қаза болғаны белгілі болды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізуге көмек сұраған жазбалар тараған еді. Алайда қазір консулдық тарапынан қажетті құжаттарды рәсімдеу және елге жеткізу жұмыстары жүргізілді.