Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жамбыл облысында полицейлер тасжол бойында жүргізушілердің бетін сумен жуды, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл облысында полицейлер тасжол бойында жүргізушілердің бетін сумен жуды, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде "Ұйқыашар" акциясы аясында түсірілген ерекше кадрлар пайда болды. Алыс жолға шыққан автокөлік иелеріне салқын сумен сергу ұсынылып, рөлде ұйықтап кетпеуге көмектесетін арнайы құралдар таратылды.
Шараны полиция қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізді. Ұйымдастырушылардың мақсаты - жүргізушілерге шаршаған күйде көлік басқарудың қауіпті екенін ескерту.
Су процедураларынан бөлек, жол қозғалысына қатысушыларға ауыз су мен қауіпсіздік жаднамалары үлестірілді.
Полиция өкілдері жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі жүргізушілердің шаршауы екенін атап өтті. Сондықтан автокөлік иелеріне ұзақ сапарға шығар алдында толыққанды демалып алуға, егер өзін шаршаңқы сезінсе, қауіпсіз жерге тоқтап, тынығып алуға кеңес береді.
Бұған дейін ақылы тасжолда мемлекеттік нөмірін жасырмақ болған жүргізуші қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Алматыда көшелерден көліктер жаппай әкетіліп жатыр: полиция тұраққа қою ережелерін еске салды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу