Шаруаларға талап күшейеді: Топырақты бақыламаса, субсидия берілмейді

06.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мәжіліс «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, жер пайдаланушыларға топырақты сақтауға бағытталған жаңа талаптар енгізуді ұсынды. Талаптарды орындамаған фермерлер мемлекеттік қолдаудан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, жер пайдаланушылар су, тұз, қоректік және жылу режимдерін реттеу, артық суды бұру, ылғал деңгейін сақтау шараларын жүргізуге міндеттеледі. Сонымен қатар, қар тоқтату, топырақты өңдеу әдістерін қолдану және топыраққа зияны аз техниканы пайдалану талап етіледі.

«Топырақ сапасының төмендеуі жер пайдаланушылар үшін жауапкершілік шараларына әкеледі. Қазір кейбір жағдайларды қоспағанда, фермерлер топырақ құнарлылығының нашарлағаны үшін жауап бермейді», деді депутат Нұржан Әшімбетов.

Көктемгі егіс науқаны: Биыл қанша фермер жеңілдетілген несие алды?

Депутаттың айтуынша, Қазақстан аумағының 75 пайыздан астамы әртүрлі деңгейдегі деградацияға ұшыраған. Бұл мәселе тек экологиялық емес, елдің экономикалық дамуы мен ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

Енді фермерлер топырақ жағдайына тұрақты түрде агрохимиялық талдау жүргізіп, оның нәтижелерін бірыңғай деректер базасына енгізуі тиіс.

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті

Заң жобасында жер учаскелеріне цифрлық паспорт енгізу де қарастырылған. Онда жердің шекарасы мен көлемінен бөлек, топырақ сапасы туралы мәліметтер – бонитет балы, гумус мөлшері, азот, фосфор, калий деңгейі, тұздану дәрежесі, қышқылдығы және механикалық құрамы көрсетіледі.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар

Шаруаларға талап күшейеді: Топырақты бақыламаса, субсидия берілмейді

Шаруашылық • Бүгін, 10:00

Елордада LRT стансасынан өрт шықты

Елорда • Бүгін, 09:55

Такси үшін жаңа талап енгізілді: Енді апат болған жағдайда тасымалдаушыны анықтау жеңілдейді

Қоғам • Бүгін, 09:47

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 09:28

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:17

Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:12

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 08:47

Атырауда көпқабатты үйде өрт болып, 35 адам эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Ертең елдің көп бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады

Ауа райы • Кеше

Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты

Оқиға • Кеше

Ақтөбе әкімдігіндегі ірі өрт: шығын көлемі жарияланды

Аймақтар • Кеше

Астанада «Нұрлы жол» маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

Елорда • Кеше

29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты

Футбол • Кеше

Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады

Заң • Кеше

Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді

Мереке • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью