Шаштараз өнерінен чемпионат өтті

24.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматыда студенттер арасында шаштараз өнері бойынша республикалық чемпионат өтті. Жарысқа ел өңірлеріндегі кәсіптік колледждерден 100-ден аса студент қатысты.

Сонымен қатар Алматыдағы төрт мектептің оқушылары да шеберліктерін көрсетуге ниет білдірді. Чемпионат алты номинация бойынша ұйымдастырылды. Нақтырақ айтсақ, қатысушылар әйелдерге және ерлерге арналған креативті шаш үлгісі, тойға арналған сән үлгісі мен Make-Up бойынша шеберліктерін көрсетті. Олардың жұмысын тәжірибелі шаштараздар мен сәндік косметолог мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақ стилистер осындай чемпионат арқылы тәжірибе жинап, кәсіби мамандардың кеңесін алады. Сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Милана Ибрагимова, студент:
- Шаш үлгісін жасамас бұрын моделімізді толық зерттеп алуымыз қажет. Мен алдымен модельдің бет әлпетіне, бас пішініне, шашының ұзындығына және түсіне назар аудардым. Оның көйлегіне, мойынына дәл осы шаш үлгісі үйлесетінін байқадым. Осылайша тойға арналған шаш үлгісін жасадым.

Әлішер Әртелбек, Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі директорының орынбасары:
- Жалпы чемпионатымыздың басты мақсаты – ол еліміздің әр өңірінен жиналған студенттердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін ашу және де сұлулық индустриясына білікті, заманауи талаптарға сай мамандар даярлау.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью