Шавкат Мирзиёев Орталық Азия наркологтарының қауымдастығын құруды ұсынды

20.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кейінгі жылдары көршілес елде есірткі қылмыстарын анықтау — 2,5, ал тәркіленген заттардың көлемі 2 есеге өсті.

— Өткен жылы құқық қорғау органдары 15 мыңнан астам есірткі қылмысын ашты. Сондай-ақ, 3,5 тоннаға жуық есірткі тәркіленіп, 14 жасырын зертхана мен 72 ірі интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды, — делінген хатта.

Өзбекстан басшысы есірткі қылмысымен күресті күшейтуге бағытталған бірнеше бастама көтерді. Атап айтқанда, ол барлық мүдделі елдердің жауапты органдары дерекқорларын біріктіру арқылы Бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды.

Бұған қоса Шавкат Мирзиёев синтетикалық есірткіге тәуелді науқастарды емдеудің заманауи әдістері мен стандарттарын бірлесіп әзірлеу мақсатында тұрақты диалог алаңын жасақтау қажеттігін баса айтты.

Мұнымен бірге нашақорларды оңалту бағытында тәжірибе алмасу үшін Орталық Азия наркологтарының қауымдастығын құру ұсынылды. Өзбекстан президенті бұл ұйымның бас кеңсесін Самарқанд қаласында орналастыруға дайын екенін жеткізді.

Тоқтала кетейік, бұл күндері Самарқандта «Қоғам денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін трансұлттық есірткі қатерлеріне қарсы іс-қимыл» халықаралық форумы өтіп жатыр.

Еске салайық, биыл алғашқы екі айда Өзбекстанның құқық қорғау органдары 8 зертхананы анықтап, 375 келі есірткі тәркіледі.

Бұған дейін Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Баходир Ташматов Орталық Азия арқылы жылына 90 тоннаға жуық героин өтетіні жайлы мәлімдеп еді.

Мұнымен қатар Есірткіге қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия үйлестіру орталығының кеңсесі Астанаға көшірілмек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью