Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанның аралас жекпе-жек (ММА) шебері Шавкат Рахмонов өзінің ресми X (бұрынғы Twitter) парақшасында денсаулығына байланысты жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында 31 жастағы спортшының тізе жарақатына байланысты ота жасатқаны туралы ақпарат тарады. Шавкат Рахмонов бұл хабарды растады.
Асу Алмабаев UFC-де ТОП-5 қатарына кіруі мүмкін
«Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмаған. Өмір бізге өзіміз күресе алмайтын сынақтарды бермейді. Әр арманның өз құны бар, ал кейде оның бағасы – денсаулық. Бүгін шындықты айтуым керек: созылмалы жарақаттарға байланысты тағы бір операция жасаттым, енді толық қалпына келу үшін уақыт қажет. Соның салдарынан менің октагонға оралуым кейінге қалды.
Мұны қабылдау оңай емес, бірақ әрбір сәтсіздік – үлкен жоспардың бір бөлігі екеніне шын жүректен сенемін. Мен бұрынғыдан да мықты, ақылды және аш болып ораламын. Мақсатым өзгермейді. UFC белдігі Қазақстанда болуы тиіс. Қандай жағдай болса да қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын! Бұл жолдың соңы емес, оның маңызды бір кезеңі ғана», деді Шавкат Рахмонов.
Шавкат Рахмонов ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Қазіргі таңда спортшы UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) рейтингінде екінші орында тұр. Оның алдында тек ресейлік Ислам Махачев пен аустралиялық Джек Делла Маддалена ғана бар. Олар – тиісінше қазіргі және бұрынғы чемпиондар.
Кәсіби ММА-де Шавкат Рахмонов өткізген 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Ол соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Соңғы жаңалықтар
Елордада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:13
ММА: Артем Резников Юсуп Зубариевпен күш сынасады
Бокс • Бүгін, 15:50
Астанадағы Майбалық көлінде екі балықшы құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 15:32
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?
Футбол • Бүгін, 15:09
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары Ла-Нунсиядағы турнирге қатысады
Бокс • Бүгін, 14:22
Атырау облысында бір жылда 974 адам жоғалып кеткен
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Абай облысындағы түзеу мекемесінде сотталған азамат көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:52
Гауһар Қуатқызы: Конституциялық сот рөлінің артуы құқық үстемдігін нығайтады
Ата заң • Бүгін, 13:05
Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан азамат жазаланды
Қоғам • Бүгін, 12:45
Жанар Аманжанқызы: Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа парадигма
Ата заң • Бүгін, 11:38
Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 11:27
Назгүл Баймұхамедқызы: Конституция жобасы әділетті қоғам қалыптастыруға арналған маңызды құжат
Ата заң • Бүгін, 10:58
Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 10:32
Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:18