Шавкат Рахмонов жиенінің тұсауын кесіп, елдің ықыласына бөленді

24.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандық UFC жұлдызы, Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың қызының тұсауын кесіп, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Желіде тараған видеода спортшының бүлдіршіннің тұсауын кесіп, алғашқы қадамдарын жасауына көмектескен сәті көрсетілген. Бұл көрініс көпшіліктің жылы лебізін тудырды.

Пікір қалдырғандар Шавкаттың қарапайымдылығын ерекше атап өтті.

«Шавкатты қанша жамандасаңдар да, мен үшін Қазақстандағы ең қарапайым адам», «Әлемдік деңгейдегі спортшылардың арасында жүрсе де, өте қарапайым», «Мықты азамат, нағыз қазақ жігіті» деген пікірлер жазылды.

Сондай-ақ желі қолданушылары спортшының отбасына ақ тілектерін жолдап, «Нағашысы мықты екен!», «Алла берекесін берсін!», «Өз отбасының алдында аман жүрсін!» деген ізгі ниетін білдірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью