Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Шавкат Рахмоновтың жұбайы екі адамның өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша күдікті деп танылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Бұған дейін Гүлайым Рахмонова аталған іс бойынша қорғау құқығы бар куәгер мәртебесінде болған.
Еске салайық, жол апаты 2025 жылғы 27 шілде күні таңертең Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолында болған. Гүлайым Рахмонова басқарған «Toyota Land Cruiser» көлігі аударылып кеткен.
Көлікте оның кәмелетке толмаған ұлы мен екі құрбысы болған. Салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, Гүлайым Рахмонова мен бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.