Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы мәлімдегендей, өңірде зиянкестің дәл осы үш түрі кеңінен тараған.
— Өткен жылы мұндай жұмыс Арал, Қазалы аудандарында қарқынды түрде жүргізілді. Ақтөбе облысымен шекаралас тұста көптеген жыл бойы химиялық өңдеу көрмеген аумақтар болды. 33 мың гектар жерден өзіміз болжағандай италиялық прус шықты. Желді күндері жерді улау тиімсіз екен. Пестицид сумен араласып, кеуіп кетеді. Сондықтан авиация қызметіне жүгіну қажет болды. Химиялық өңдеуден өткен жерде зиянкес мүлдем жойылып кетпейді. 15%-нан дернәсіл өсіп шығады. Облыстағы өңделетін жердің негізгі бөлігі солтүстіктегі екі ауданда. Ал азиялық шегірткеге қарсы күрес іс-шаралары негізінен күріш шаруашылығына бейімделген Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласында атқарылады, — деді инспекция басшысы Мұхтар Оразбаев.
Өткен жылы азиялық шегірткеге қарсы 35 322 гектар, италиялық прусқа қарсы 35 360 гектар, саяқ шегірткеге қарсы 55 394 гектар жер уланды. Ерте көктемнен бастап бас көтеретін қауіпті жәндіктен құтылуға қазірден қам жасалып жатыр. Осы бағытта облыс әкімі орынбасарының жетекшілігімен өңірлік штаб құрылды.
Еске салайық, былтыр республика аумағында егістік алқаптарына, жайылымдар мен шабындықтарға шегірткеден зиян келген жоқ.