Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісі анықталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Комитеттің мәліметінше, мұндай заң бұзушылықтар биыл 1-10 тамыз аралығында жасалған.
"Шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді", – дейді комитет.
Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 фактісі, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісі анықталды.
Кінәлі адамдар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.