Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ІІМ мәліметінше, көлемі ұлғайтылған жанармай бактарымен жабдықталған көліктердің басым бөлігі Жамбыл облысында тіркелген.
«Мысалы, Қордай ауданында конструкциясы заңсыз өзгертілген автобус анықталды. Тексеру барысында ішінде әрқайсысының сыйымдылығы 600 литр болатын жасырын қосымша бактар табылды», деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Соңғы екі айдың өзінде полицейлер шамамен 17 тонна жанар-жағармайдың елден заңсыз шығарылуына тосқауыл қойған. Сондай-ақ қайта жабдықталған жанармай бактары орнатылған 87 автокөлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бектенов: Елде бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады
Бұдан бөлек, көліктерді заңсыз қайта жабдықтаумен айналысатын техникалық қызмет көрсету станцияларын анықтау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.