Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ел іргесінің беріктігі - елдің тыныштығы. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі су жаңа техникалармен толықты.
Ел шебін күзетіп жүрген жауынгерлерге жол талғамайтын көліктер қарда жүретін техникалар және жүк көлігінің кілті табысталды. Жалпы саны 102 техника 14 шекара бөлімшесіне үлестірілді. Бұл техникаларды сатып алуға бюджеттен 2 млрд теңге жұмсалған. Салтанатты шараға әр өңірден келген офицерлер мен осы саланың ардагерлері қатысты.
Әділ Жұманов, ҚР ҰҚК СҚО бойынша Шекара қызметі департаментінің офицері:
- Соңғы үш жылда жыл сайын шекара қызметі басшылығы тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, осылай көліктер жаңарып жатыр. Шекаралық бөлімшелерге талап бойынша жоғары басшылықтың қай жаққа, қандай маңыздылығына байланысты шекара бөлімшелеріне бөлінді.