Шекара қызметінде Шекара аруы бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

05.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шекара қызметінің жауынгерлік қызметін кеңінен насихаттау, әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету, шалғайдағы шекара бөлімшелеріндегі қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайысқа Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінен 14 үміткер қатысты.

Конкурс шартына сәйкес әрбір қатысушы шалғайдағы шекара бөлімшесіндегі отбасы тұрмысының ерекшеліктерін, қызмет жағдайындағы отбасылық өмірдің маңызын бейнеролик арқылы көрсетуі тиіс болды. Ұсынылған бейнероликтер «shekaraknbkz» Instagram парақшасында жарияланып, оған көпшілік Telegram арнасында онлайн дауыс берді. 

Марапаттау рәсімі Шекара қызметінің Орталық аппаратында салтанатты түрде өткізілді.

– Байқау жоғары деңгейде өтті. Арнайы шалғайдағы заставаларда қызмет атқаратын әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау өте маңызды. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін, патриоттық рухын және отбасылық құндылықтарды дәріптеуін көргенімізге қуаныштымыз, - деді «Застава Тарландары» РҚБ төрағасының орынбасары, полковник Ж. Мадединов.

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Қорытынды нәтижеге сәйкес Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің атынан қатысқан Аружан Кулманбетова бас жүлдені иеленді. Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті атынан қатысқан Айназым Қабылтай екінші орынды жеңіп алды. Ал Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаменттің өкілі Маржан Чужаева құрметті үшінші орынға ие болды. Барлық қатысушы байқау кезінде шығармашылық шеберлігімен, шынайы патриоттық рухымен және отбасы құндылығын дәріптей білуімен ерекшеленді.

Айта кетейік, бұған дейін елорданың мектептері мен балабақшаларында Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік хор орындалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью