Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары 620 дана киік мүйізін тәркіледі, деп хабарлады ҰҚК.
"20 қазанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңгені құрауы мүмкін", – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
© Photo : КНБ КазахстанаШекарада 620 дана киік мүйізі тәркіленді
Шекарада 620 дана киік мүйізі тәркіленді
© Photo : КНБ Казахстана
Айта кетері, бұған дейін Жетісу облысында 500 келіден астам киік мүйізін сатпақ болғандар ұсталған еді.