Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Фото: ҰҚК Шекара қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі хабарлағандай, бір шілде айының өзінде шекарашылар құзырлы органдармен бірігіп, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 4 975 адамды ұстады. Соның ішінде 4 346 адам - шетел азаматы.
«2 476 рет заңсыз тасымалға тосқауыл қойылды. Кейін белгілі болғандай, бұл заттардың бағасы 3,9 млрд теңгеге жеткен. Соның ішінде 39 рет есірткі, 88 рет қарулар мен оқ-дәрі (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі), 1 808 рет жалпы сомасы 33,4 млн теңге болатын көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай, 392 рет жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар, 149 рет сомасы шамамен 2,1 млрд болатын шетел валютасына тәркіленді. Каспий акваториясында браконьерлердің жолы кесілді. 24,6 км браконьерлік құрал, 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден асады», делінген хабарламада.
Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу басталды. Сондай-ақ 4 295 әкімшілік іс қозғалды. Бұл іспен тергеліп жатқан адамдарға 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған.
Шекарада 112 тоннадан астам жанар-жағармайды заңсыз шығару әрекетінің жолы кесілді
Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.