Шектен тыс оптимизм бюджетке қалай әсер еткенін ЖАП басшысы айтып берді

18.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Сенатта Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр. Палата басшысы Әлихан Смайылов бюджет тапшылығының себептеріне егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін Сенатта Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр. Палата басшысы Әлихан Смайылов бюджет тапшылығының себептеріне егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, өткен жылы бюджетке 335 миллиард теңге түспей қалған. ЖАП басшысы бұған "салықтық болжамдардың тым оптимистік болуын" себеп ретінде атады.

"Асыра көрсетілген болжамдарды қалыптастыру алдағы кезеңдердің салық базасының төмендеуіне әкеп соғады. Біздің бағалауымызша, 2025 жылы 2026 жылдың 154 миллиард теңге көлеміндегі төлемдері есепке алынып, 900 миллиард теңгеге жуық ҚҚС қайтарылмаған", - деді Әлихан Смайылов.

Алайда, оның сөзінше, бұл кірістер мен шығыстардың теңгерімін қамтамасыз ете алмаған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 244 миллиард теңге бөлінбеген, сондай-ақ айтарлықтай кредиторлық берешек қалыптасқан.

"Бюджет тапшылығы әлі де айтарлықтай деңгейде. ЖАП бағалауы бойынша, оны орта мерзімді перспективада қысқарту жөніндегі жоспарлар шындыққа жанаспайды", - деп толықтырды Смайылов.

Сонымен қатар, ол салықтық әкімшілендіру сапасы туралы пікір білдірді. Аудиторлардың мәліметінше, Қазақстанда салық төлеушілер тарапынан сотқа шағымдану жағдайлары көбейген.

"Соңғы жылдары шағым түсірілген сомалардың жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешіліп жатыр. Көлеңкелі экономикаға және жекелеген тауар нарықтарының ашықтығының жеткіліксіздігіне байланысты тәуекелдер сақталып отыр", - деді ЖАП басшысы.

Смайылов таңбалау және цифрлық бақылау механизмін енгізуге қарамастан, өндіріс, импорт және нақты тұтыну көлемдері арасындағы алшақтық өсіп жатқанын атап өтті. Нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдердің әлеуеті шектеліп отыр.

Тағы оқыңыз: "Болжам өте нашар болды деп айта алмаймын": Жұманғарин депутаттардың бюджетке қатысты сынына жауап берді

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью