Shell мен TotalEnergies Қатар газын жеткізу бойынша форс мажор жариялады

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Катардың мемлекеттік мұнай-газ компаниясы — QatarEnergy-ден сұйытылған табиғи газ (СПГ) сатып алатын бірқатар компаниялар өз клиенттеріне келісімшарттар бойынша форс-мажор жарияланғанын хабарлаған.

Reuters агенттігінің дереккөздеріне сүйенсек, мұндай шешімді Shell мен TotalEnergies-тен бөлек кейбір азиялық компаниялар да қабылдаған.

Сарапшылардың мәліметінше, Shell компаниясы QatarEnergy-ден жылына шамамен 6,8 миллион тонна, ал TotalEnergies 5,2 миллион тонна сұйытылған табиғи газ сатып алады.

Бұған дейін әлемдегі ең ірі газ жеткізушілердің бірі — QatarEnergy компаниясы дрондардың шабуылы салдарынан сұйытылған табиғи газ өндірісін уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатын. Осы айдың басында компания газ жеткізу бойынша форс-мажор жариялаған.

Reuters мәліметінше, газ өндірісі мен экспортын толық қалпына келтіру үшін QatarEnergy компаниясына кемінде бір ай уақыт қажет.

Кейінірек өңірдегі жағдайға байланысты Бахрейннің мемлекеттік Bapco Energies компаниясы да форс-мажор жариялағанын мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью