Шенеуніктер 8 жыл сахнаға шығармады : Роза Рымбаева жан сырын ақтарды (видео)

03.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, өзін сахнадан шеттеткен шенеуніктер туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші өзін бұрынғы әкім, министр сахнаден шеттеткенін жасырмады. Бұл әділетсіздікке төзбей, пікірін ашық айтқаны үшін болған.

«Ондай министр болғаны рас. Кейбір дүниелерге бейжай қарай алмаймын. Әділетсіздік болып жатса, көз жұма алмаймын. Мен үлкен адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Сахнада жүргеніме 50 жыл болды, жасым туралы айтпай-ақ қояйын. Өз жолымды тапқан ересек адам ретінде пікірімді айтуға құқығым бар деп есептеймін. Неге айтпауым керек? Ешкімді сыртынан жамандап жатқаным жоқ, бәрін бетіне айтамын. Ал ондай адам көбіне ұнай бермейді», — дейді әнші.

Айта кетейік, Роза Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына орай деректі фильм түсірілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью