Шенеуніктер жауап беруі керек депутат мектептердегі БЖБ мен ТЖБ ны жою туралы

03.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова егер бұл бағалау формаларын енгізу туралы шешім қате болса, онда оны ойлап тапқан шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Eduсation тілшісі.

Қазақстан мектептерінде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тартуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова егер бұл бағалау формаларын енгізу туралы шешім қате болса, онда оны ойлап тапқан шенеуніктер жауапқа тартылуы тиіс деп мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Eduсation тілшісі.

Мәселенің мән-жайы

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі мектептерде БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту мәселесін қарастырып жатқанын, оның орнына жекелеген бақылау жұмыстарын қайтаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Депутат Жұлдыз Сүлейменова мектептерге диктант, шығарма және мазмұндама сияқты жұмыстардың енгізіле бастағанын айтты. Жалпы алғанда, БЖБ мен ТЖБ енгізілгенге дейін болған жүйенің бәрі қайтарылмақ.

Анықтама: БЖБ – бөлім бойынша жиынтық бағалау, ТЖБ – тоқсан бойынша жиынтық бағалау.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутат Ирина Смирновадан бұл бастамаға қатысты пікір білдіруді сұрады.

"Балалар аз оқитын болды"

Смирнованың айтуынша, БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастамас бұрын не себепті бұл жүйеден бас тарту туралы шешім қабылданғанын талдау қажет. Ол жиынтық бағалау жүйесін енгізуге ұзақ уақыт пен қомақты қаражат жұмсалғанын еске салды.

Депутаттың пікірінше, егер бұл жүйені енгізу қате болса, оған сол шешімді қабылдаған шенеуніктер жауап беруі тиіс. Оның пайымдауынша, шешімдерді ешқандай салдарсыз жоя салуға болмайды.

"Бұл бір адамның шешімі емес, талдау, талқылау, сарапшылық қорытынды және тағы басқасы бар тарих болуы керек. Әрине, балалардың шығармаларды аз оқи бастағаны белгілі. Шығарма, мазмұндама жазу – бұл өте пайдалы, қазіргі эссе жазудың жаңа бағыты да маңызды. Бұл тағы да Оқу-ағарту министрлігінің жай эмоциялық шешімі болмауы тиіс. Неге мынаны емес, ананы істейсіздер? Ал мынаны алып тастағандарыңызға кім жауап береді?", – деп сұрақ қойды Смирнова.

Мектеп оқушыларына түсетін жүктеме тақырыбы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. 2019 жылы министрлік мектептерде кейде күніне 6–7 БЖБ немесе ТЖБ өткізілетінін айтқан болатын. Қазақстандықтар БЖБ мен ТЖБ-ға қарсы петиция да жариялаған.

2024 жылы су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстанның кейбір аймақтарында БЖБ мен ТЖБ уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанда оқулықтарды жаңарту реформасы қайта жоспарланып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Білім беру материалдарын кезең-кезеңімен өзгерту үш жылға созылады. Оқу-ағарту министрлігі бұл қадам оқушылардың дайындық сапасын арттыруға, олардың ойлау қабілетін дамытуға, сонымн қатар заманауи экономика талаптарына бейімделуге көмектесетініне сенімді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью