Шерхан Қалмырза өз қайын атасын ренжітіп, күтпеген шешім қабылдады

06.11.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза QJ League Instagram парақшасы ұйымдастырған блиц-сауалнамаға қатысып, танымал футболшылар арасынан өз таңдауын жасады,, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сауалнама ережесіне сай, Шерханға екі ойыншының есімі ұсынылып, олардың бірін таңдау керек болды.

– Асхат Тағыберген немесе Бауыржан Исламхан?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Бақтиер Зайнутдинов?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Ғалымжан Кенжебек?
– Исламхан.
– Исламхан немесе Дастан Сәтпаев?
– Дастан Сәтпаев.
– Дастан Сәтпаев немесе Самат Смақов?
– Дастан Сәтпаев.

Айта кетейік, 19 жастағы Шерхан Қалмырза — «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақовтың қызы Самира Смақовамен қарым-қатынаста. Жас жұп өз сезімдерін жасырмай, әлеуметтік желіде бірге түскен суреттерін жиі бөліседі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью