Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Шерзат Полаттың өліміне байланысты сотталғандар кассациялық сотқа жүгінді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахмет сот үкімімен келіспей, өздерін толық ақтауды сұрап отыр.
Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған. 2024 жылдың 3-інен 4-іне қараған түні Талғарда жасөспірім Шерзат Полат қаза тапқан. Оқиға орнында түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде таралуы қоғамның назарын аударған.
Тергеу барысында 40-тан астам сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Қылмыстық іс тоғыз адамға қатысты қозғалған.
Сот үкімі бойынша айыпталушылар әртүрлі мерзімге – 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ең ауыр жаза Абзал Шынасылға тағайындалып, ол 23 жылға сотталды.
Ал Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Дидар Қалиахмет 7 жылға бас бостандығынан айырылған.