Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстан құрамасының спортшысы Шерзод Хаширбаев бәсекеден кейін Kazinform тілшісіне шағын сұхбат беріп, жарыс нәтижесі туралы пікірін білдірді.
— Барлығымыз қолымыздан келгенін жасадық. Жоспардағы элементтерді өз деңгейінде жақсы орындауға тырыстық. Бұл — Оимпиада ойыны. Осында әлемнің ең мықты 25 спортшысы келіп отыр. Сол себепті, бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды, — деді Шерзод.
Спортшы алдағы жоспарлары туралы ойымен бөлісті.
— Бүгінгі күн өтті, енді алдағы ұлкен додаларға дайындаламыз. Мықты болып оралып, елімізді жаңа нәтижелерімізбен қуантамыз деп үміттенемін, — дейді ол.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алда аралас командалық жарыста өнер көрсетеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, фристайл-акробатикадан ерлер арасында іріктеу жарысында Роман Иванов 13-орынмен финалға бір табан жетпей қалды. Шерзод Хаширбаев 16-орыннан көрінсе, Асан Асылхан және Дінмұхаммед Райымқұлов ТОП20 қатарына кірді.
Сондай-ақ, осыған дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған спортшылар туралы жазған едік.