Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров жол көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді

17.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Грозный қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Телеграм-арналары жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

– Адамды әкелгендіктен ауруханаға апаратын жолдар жабылды, ол ес-түссіз реанимацияда жатыр, – деді Грозныйдағы дереккөздердің бірі.

Қадыровтың кортежі жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Арна хабарламасында кортеждің әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, күтпеген кедергіге тап болғаны, соның салдарынан көліктердің бір-біріне соқтығысқаны айтылған.

NIYSO дерегіне сәйкес, жол апатынан тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да зардап шеккен болуы мүмкін, алайда оның есімі аталмайды. Сондай-ақ аурухана маңындағы даңғыл жабылып, Грозный қаласына кіреберістерде кептелістер пайда болғаны хабарланды. Арна мәліметінше, Адам Қадыровты Мәскеуге тасымалдауға дайындау мәселесі қарастырылуы мүмкін. Жол апатынан Қадыровтың үш күзетшісі ауыр жарақат алғаны да айтылды.

Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды

Аталған ақпаратқа қатысты Шешенстан билігі тарапынан әзірге ресми растау берілген жоқ.

Адам Қадыров 18 жаста. Ол Шешенстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. 2025 жылғы сәуірде Шешен Республикасының ішкі істер министрлігін кураторлық етуге тағайындалған. Сонымен қатар ол Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Шейх Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарды, сондай-ақ Путин атындағы арнайы мақсаттағы университетті қадағалайды.

Рамзан Қадыровтың ұлы кезекті марапатқа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45

«Australian Open»: Қарсыластар анықталды

Теннис • Бүгін, 09:40

Балық шаруашылығында береке бар

Шаруашылық • Бүгін, 09:35

Бір секундта қан тоқтатады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Халық көп тұтынатын тауарлар бағасы өскен жоқ

Өнім • Бүгін, 09:25

Мемлекеттік сыйлыққа өтінім қабылданады

Қоғам • Бүгін, 09:20

Салық бәсекелестікті қалай дамытады?

Экономика • Бүгін, 09:15

Құрылтай қуаты

Пікір • Бүгін, 09:10

Әлеуметтік ғылым: Басымдықтардың жаңа моделі

Пікір • Бүгін, 09:05

Тұңғыш мүфтиіміз бақиға озды...

Тағзым • Бүгін, 09:00

Көлік көбейген сайын қауіп күшейіп барады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью