Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Шетелде қазірдің өзінде сегіз миллионға жуық украиналық жүр, деп мәлімдеді Украина СІМ басшысы Андрей Сибига.
Ол Киевтің бұл адамдарды қайтаруды мақсат етіп отырғанын, ол үшін қажетті жағдайлар жасалатынын атап өтті.
"Біз барлық ел бірдей украиналықтарды қайтаруға мүдделі емес екенін көріп отырмыз, өйткені олардың біліктілігі жоғары, жаңа ортаға тез бейімделеді, экономиканы дамытуға үлес қосып отыр. Біз өз адамдарымыз үшін күресуіміз қажет", - деп "Страна.ua" басылымы оның сөзінен келтірді.
Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен ЕО елдеріне еуропада ресурс шектеулі екенін, сондай-ақ Украинаның өзіне адам ресурсы қажеттілігін ескере отырып, Украина босқындарының болашағы туралы ойлануды ұсынған болатын.