Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласында шетелде жұмысқа орналастыру қызметін көрсетуге байланысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.
— Сотқа дейінгі тергеу барысында Көкшетау қаласының тұрғыны 2023 жылдан бастап 2026 жылғы қаңтарға дейін «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы азаматтарға Ұлыбританияның Біріккен Корольдігіне жұмысқа орналасу бойынша ақылы қызметтер ұсынғаны анықталды. Күдікті виза алу, медициналық сақтандыру, биометриялық рәсім және басқа да ілеспе қызметтерден өту сылтауымен азаматтардан қаражат алған. Алайда, іс жүзінде ешқандай жұмыспен қамту шарасы қабылданбаған. Ол қаржыны қолма-қол да, банктік аударым арқылы да алған, — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда 80-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңге. Қазір күдікті үйқамаққа алынды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды шетелде жұмыс іздеу кезінде қырағы болуға және алаяқтықтың кейбір айқын белгілеріне назар аударуға шақырды. Бұл «кепілдендірілген» жұмысқа орналасу үшін толық немесе елеулі алдын-ала төлемнің талабы; делдалда ресми тіркеудің және лицензияның болмауы; визаны немесе басқа құжаттарды «делдал арқылы» ресми органдардың қатысуынсыз рәсімдеу туралы ұсыныс; тек әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы келіссөздер жүргізу; Шешім қабылдау мен қызметтерге ақы төлеудің өзектілігіне қысым жасау.
Бұған дейін Ақмола облысының тұрғыны жалған интернет жеңілдігіне алданып, 5 млн теңгесінен қағылған болатын.