Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Прокуратураның мәліметінше, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мұғалімдер мен техникалық персонал жұмыс уақытында Қазақстаннан тыс жерде болғанына қарамастан, жалақыларын толық көлемде алып отырған.
Тексеру барысында аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне 389 мың теңгеден астам негізсіз еңбекақы төленгені анықталды. Ал білім беру ұйымдары бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асты. Заңбұзушылықтар Еңбек және Бюджет кодекстерінің талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында белгілі болды.
Шымкентте білім саласындағы ірі жемқорлық ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты
Прокурорлық тексеру нәтижесінде бюджетке 15 миллион теңгеден астам қаражат толық қайтарылды.
Сондай-ақ жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлер мен бұл заңбұзушылықтарға жол берген басшыларды қоса алғанда, 680 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
13,3 млн теңге шығын: Сарыағаш ауданында екі әлеуметтік орталық бюджет қаражатын жымқырған