Шетелдегі туысыңмын : Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: stock.com

Ер адам қарт адамдардың байланыс деректерін тауып алып, оларға қоңырау шалған. Әңгіме барысында ол зейнеткерлерді шетелдегі туысыңмын деп алдаған.

Кейін қаскөй зейнеткерлерді курьер арқылы келетін сәлемдемені алу үшін ақша беру қажет екеніне сендірген. Ақша берілген соң, ол қаражатты өзі келіп алып, ізін жасырған.

Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды

Алаяқтың әрекетінен 10 қарт адам зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгеден 1 миллион 750 мың теңгеге дейін жеткен.

Сот ер адамды кінәлі деп таныды. Оны орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 4 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасап, 3 миллион теңгені иемденген күдіктінің қолға түскені туралы жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью