Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Ішкі істер министрлігі шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген ауқымды арнайы операция барысында адамдарды есірткі бизнесіне тартудың трансұлттық схемасын жойды.
"Анықталғандай, ұйымдастырушылар шетелде отырып, интернет-ресурстар арқылы "жалақысы жоғары жұмыс" туралы жарнама таратқан", - деп жазды министрлік.
Заңды жұмыстың атын жамылып, азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартқан.
Олар орындаушыларға арнайы колл-орталықтар арқылы нұсқау беріп отырған.
Еліміздің 11 өңірінде Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Есірткі таратуға қатысы бар 11 адам қамалды.
Одан бөлек, тағы 9 адам есірткі тұтынғаны үшін жауапқа тартылды.
Операция барысында синтетикалық есірткі, компьютерлік техника, банк карталары, смартфондар және басқа да айғақтар тәркіленген.