Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Оларға дәстүр, сауықтыру және этномәдени элементтерді ұштастырған кешеннің бірегей тәжірибесі таныстырылды. Сонымен қатар, «Арғымақ» кешенінің құрылу тарихы, философиясы және сауықтыру мүмкіндіктері туралы айтылды.
Әсіресе мұнда ұсынылатын бағдарламалардың табиғи әрі қалпына келтіру қасиеттеріне ерекше назар аударылды.
Қонақтарға ұлттық мәдениеттің элементтері де көрсетілді. Атап айтқанда, қазақтың құсбегілік өнері таныстырылып, делегация тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болды. Бұл көрініс танымдық мәнге де ие болып, кешеннің негізінде жатқан дәстүрлерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Фото: Астана әкімдігіСондай-ақ делегация тазы иттерін көріп, жылқыларға ерекше қызығушылық танытты. Бұл жануарлар кешендегі сауықтыру және оңалту бағдарламаларының маңызды бөлігі болып саналады.
Фото: Астана әкімдігіКешен директорының айтуынша, мұнда дәстүрлі тәсілдер мен заманауи технологияларды ұштастыруға айрықша мән беріледі.
Фото: Астана әкімдігі— Біздің басты ерекшелігіміз — ұлттық тәжірибені қазіргі шешімдермен үйлестіру. Арнайы жаттығу алаңдары, жолақтар және толық маусымдық жұмыс жүйесі бар. Кешенде олимпиадалық элементтер енгізілген, терапиялық бағыттар да дамып келеді. Біз балаларға көмектесеміз, ата-аналары нәтижесін көріп, ризашылықтарын білдіріп жатыр. Бала алғаш рет жылқыны көргенде оның қызығушылығы оянып, ерекше эмоция пайда болады, — деді ол.
Сонымен қатар, биыл кешен инфрақұрылымын дамыту жоспарланған. Жаңартылған алаңдар ашылып, түрлі жарыстар өткізу көзделіп отыр.
Фото: Астана әкімдігіСапар соңында қонақтарға ауқымды спорттық бағдарлама мен ұлттық спорт түрлері таныстырылды. Олардың қатарында көкпар, қыз қуу, теңге ілу және дала халқының мәдениеті мен рухын айшықтайтын басқа да дәстүрлі ойындар бар.
Бұған дейін ат үстіндегі акробатика шебері балаларды ат спортына 7 жастан бастап баулу керек екенін айтты.