Шетелдік дропперлерді тартқан: Алматыда интернет казино ұйымдастырғандар ұсталды

08.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 8 тамыз - Sputnik. Алматыда заңсыз интернет-казино ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілер "Olymp Casino", "Rukh Poker" және "7Kcasino" интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырған. Оның ішінде "Rocket.do" онлайн-платформасы арқылы ойыншылардан ақша қабылдау және оны өңдеу жолға қойылған.

"Бұл іске қатысушылардың бірі — шетел азаматы. Ол 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып, өз банк шоттарын пайдалануға беруге келісетін адамдарды іздеген. Тапқан дропперлерін Қазақстанға әкеліп, ЖСН рәсімдету үшін ХҚКО-ға барған. Одан кейін банк бөлімшелеріне апарып, шот аштырған", - дейді агенттік.

Күдікті сол арқылы 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізген, сондай-ақ өз шотын да пайдалануға берген.

"Ойыншылардан 16 дроппердің шотына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асты. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью