Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қағидалар анықталды:
тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері;Тәлімгерлік мыналарды қамтиды:
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына сәйкес бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмыс күші қатарынан тәлімгерді бекіту;нысан бойынша жұмыс берішінің актісімен тәлімгер бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бекітілетін жұмыс беруші мен тәлімгердің Тәлімгерлік жоспарын бірлесіп әзірлеу және іске асыру;Жоспарды іске асыру туралы тәлімгердің есеп жасау (ерікті түрде);кәсіби біліктілікті тану орталықтарында тәлімгерлік жүргізу кезеңінде (қажет болған жағдайда) тәлімгерліктің қорытындылары бойынша жұмыскердің ерікті түрде кәсіптер тізіліміндегі кәсіп бойынша кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен (қажет жағдайда) өтуі.Жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 6 (алты) айдан 12 (он екі) айға дейінгі кезеңге жұмыс берушімен шетелдік жұмыскерді тарту барысында тәлімгер бекітіледі.
Тәлімгер жұмыскерлерге олардың кәсіптік біліктілігінің жүзеге асырылатын қызмет бейіні мен саласына сәйкес келуін ескере отырып, кәсіби білімін, біліктілігін және тәжірибесін беру үшін бекітіледі.
Тәлімгерді бекіту жұмыс берушінің актісімен оны жұмысқа қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тәлімгерлік мерзімін көрсете отырып ресімделеді.
Жұмыскерді кадр қызметі 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің актісімен тәлімгерді бекіткеннен бастап тәлімгердің тағайындалуы туралы хабардар етеді.
Жұмыс беруші тәлімгерге бекітілетін жұмыскерлердің санын тәлімгердің негізгі еңбек қызметін ескере отырып, бірақ 3 (үштен) артық емес анықтайды.
Жоспар мынадай сатыларды қамтиды:
жұмыскерді өндірістік процестермен және жұмыс технологиясымен таныстыру;тәлімгердің басшылығымен еңбек функцияларын бірлесіп орындау;тәлімгердің үйлестіруімен еңбек функцияларын өз бетінше орындау;кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімін қоса алғанда (қажет болған жағдайда), тәлімгер берген кәсіби білім мен дағдыларды бағалау.Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күн бұрын тәлімгерлік кезеңінде жұмыскердің алған білімі мен дағдылары қамтылған Жоспардың іске асырылуы туралы есебін дайындайды.
Тәлімгер жоспарды іске асыру туралы есепті кәсіпорынның кадр қызметіне тәлімгерлік аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді.
Кадр қызметі меңгерілген дағдылар және кәсіптік біліктіліктерді тану (болған жаңдайда) нәтижелері туралы деректерді қамтитын қорытынды есепті ресімдейді.
Жұмыскер ерікті түрде кәсіптер тізіліміндегі кәсіп бойынша ("Электронды еңбек биржасы" порталында) кәсіптік біліктілікті тану қажет болған жағдайда көзделген тәртіппен кәсіптік біліктілікті тану үрдісі жүзеге асырылады.
Кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат кадр қызметіне сақтау үшін беріледі.
Тәлімгерді алмастыру 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде тәлімгердің басқа жұмысқа ауысқан немесе жұмыстан шыққан кезден, сондай-ақ тәлімгерлікті жүзеге асыру мүмкін болмаған (сырқаттану, іссапарда, демалыста болу) жағдайларда жүзеге асырылады.
Тәлімгерлік кезеңінде шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерден:
Жоспарда шетелдік жұмыскердің тәлімгерлік жүргізу кезеңінде, қажет болған жағдайда ҰБЖ цифрлық платформасында тиісті мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктерін тану туралы құжатты бере отырып (ол болған жағдайда), қазақстандық жұмыскердің тиісті кәсіп бойынша тану орталықтарында кәсіптік біліктіліктерін тану рәсімінен өтуін қоса алғанда, шетелдік жұмыскердің тәжірибесін, құзыреттерін, дағдыларын беруді қамтамасыз ететін шараларды көздеу;тәлімгерлікті ұйымдастыру қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қабылдау;Жоспардың орындалуына айына кемінде бір рет мониторингті жүзеге асыруға және қажет болған жағдайда оны тәлімгермен және жұмыскермен келісу арқылы түзетуді қамтамасыз ету;Жоспардың орындалуын бақылау, құжаттаманы жүргізу және кадр қызметімен өзара іс-қимыл жасауды қоса алғанда, тәлімгерлікті ұйымдастыру және үйлестіру үшін жауапты адамды тағайындау;жұмыскер кәсіптік біліктіліктерін тану рәсімінен өтпеген жағдайда, жұмыс беруші оқытуды, тағылымдамадан өтуді және (немесе) тәлімгерлікті ұйымдастыруды қоса алғанда, кейіннен жұмыскерді кәсіптік біліктіліктерін тану рәсімінен қайтадан өтуге жібере отырып, анықталған сәйкессіздіктерді (кәсіби білімінің, тәжірибелік дағдылардың және жұмыс тәжірибесінің жеткіліксіздігі) жою жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;Кәсіптік біліктіліктерді тану рәсімінен өтпеу еңбек шартын бұзу немесе жұмыскерді еңбек міндеттерін орындаудан шеттету үшін негіз болып табылмайды.
Жоспарды орындау үшін жағдай жасау (жұмыс орны, құрал-жабдықтар, өндірістік үрдістерге қол жетімділік);тәлімгер мен жұмыскердің өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету;тәлімгерді алмастыру талап етіледі.Тәлімгерлікті ұйымдастыру кезінде тәлімгерден:
Жоспарды іске асыру;жұмыскердің кәсіби дағдылары мен білімін дамытуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасына тартуға негіз болған тәжірибе мен құзыреттердің берілуін;жұмыскерге кеңес беру талап етіледі.Тәлімгерлікті ұйымдастыру кезінде жұмыскерден:
Жоспарды және тәлімгердің ұсынысын сапалы және өз мерзімінде іске асыру;тиісті біліктілігі бойынша тану орталықтарында (ол болған жағдайда) кәсіптік біліктілікті тану рәсімінен өту (қажет болған жағдайда) талап етіледі.Бұйрық 12 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.