Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
– Егер шет мемлекетпен біздің еліміздің арасында халықаралық келісімшарт болса, онда бұл мәселеде ешқандай келеңсіздік туындамайды. Шет мемлекет өз азаматына қатысты сот шешімін шығарып, Қазақстанға жолдайды. Біздің жергілікті соттарымыз оны мақұлдап, шешімді іске асыру үшін сот орындаушыларға жібереді. Ары қарай ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңына сәйкес арнайы тәртіппен орындалады. ҚР азаматтарына қатысты нормадан еш айырмашылығы жоқ, – деді ол.
Айта кетейік бұған дейін Қазақстанда алимент борышкерлерінің берешегі 18 млрд теңгеге жеткенін жазғанбыз.