Шетелдіктер үшін ЖСН алу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа мобильді қосымша іске қосылады

09.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Ашық дереккөз

Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Қазір еліміздің әуежайлары мен ірі өткізу бекеттерінде шетелдіктерге QR-коды бар туристік карталар таратылып жатыр. Онда Қазақстанда болу ережелері, төтенше жағдай қызметтері мен ұялы байланыс операторлары туралы маңызды ақпарат қамтылған.

Өткен жылы шамамен 80 мың шетелдік Қазақстанға ем алу үшін келген

Көші-қон процестерін одан әрі цифрландыру мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Жаңа сервис арқылы шетел азаматтары бірқатар мемлекеттік қызметті онлайн форматта пайдаланып, соның ішінде ЖСН рәсімдей алады.

Министрдің айтуынша, жаңа цифрлық қызметтерді іске қосу үшін қажетті заңнамалық түзетулер пакеті қазір Сенатта қаралып жатыр.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері, консулдықтары және шетелдегі басқа да мекемелер шетел азаматтарына ЖСН беруді тоқтатқан болатын.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады

Айта кетейік, QazETA – шетелдіктерге көші-қон және оған қатысты қызметтерді ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз түрде ұсынуға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью