Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Маңғыстау облысындағы тасжолда жүргізуші баласымен бірге велосипедпен келе жатып, нөсер жаңбыр астында қалған франциялық туристер отбасына көмектесті. Саяхатшыларды Жаңаөзенге дейін жеткізіп салып, олар сол жақтағы қонақүйлердің біріне орналасқан, деп хабарлайды Tengri Travel.
Маңғыстау облысындағы тасжолда жүргізуші баласымен бірге велосипедпен келе жатып, нөсер жаңбыр астында қалған франциялық туристер отбасына көмектесті. Саяхатшыларды Жаңаөзенге дейін жеткізіп салып, олар сол жақтағы қонақүйлердің біріне орналасқан, деп хабарлайды Tengri Travel.
Оқиға 5 сәуірде Жаңаөзенге барар жолда болған. Жүргізушінің айтуынша, ол жұмыс бабымен келе жатып, тасжол бойында ерекше көріністі байқаған – жаңбыр астында жол жиегімен балалы ерлі-зайыпты велосипедпен келе жатқан.
"Далада жаңбыр құйып тұр, оларды көріп тоқтадым, баласымен бірге велосипедпен жолда қалыпты. Қазір Жаңаөзенге бара жатырмыз", - дейді ол бейнежазбада.
Тілдік кедергіге қарамастан, олар тез тіл табысқан. Саяхатшылар Франциядан келген отбасы болып шықты. Жүргізушінің сөзінше, отағасының есімі Хоман, әйелі Флориан, ал қыздарының аты Алаиз.
Бұл отбасы өңірді велосипедпен аралап жүріп, тасжолда нөсер жаңбыр астында қалған көрінеді.
Фотоны материал кейіпкері ұсынды
Бақытжан оларды жолда қалдырмай, Жаңаөзенге дейін жеткізуді ұйғарған. Туристерді өтініші бойынша қалалық қонақүйлердің біріне апарып, сол жерде отбасы жауын басылғанша тынығып алуға мүмкіндік алды.
Фотоны материал кейіпкері ұсынды
Бұл оқиға туралы бейнеролик жергілікті пабликтерде тез тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Желі қолданушылары туристердің батылдығы мен жүргізушінің игі ісін жоғары бағалады.
"Үлкендерді қойшы, балаға обал болды. Біз бала-шағамызбен осылай жолға шықсақ, туған-туыстарымыз 10 жыл бойы айтып жүретін еді", "Олардың орнында болсам, Қазақстанды емес, бүкіл әлемді аралар едім", "Қазақ халқының бауырмал, кең пейілді екенін көрсетті", "Керемет, сонау Франциядан Бозжыраны көруге келіпті, ал біз дәл іргесінде тұрып, әлі бармаппыз", - деп жазды желі қолданушылары.
Кейбір қолданушылар саяхатшылар Маңғыстаудың ең танымал табиғи орындарының бірі — Бозжыраға бет алған деп болжады.
Бұл жергілікті тұрғындар Қазақстанға келген шетелдік туристерге көмек қолын созған алғашқы оқиға емес.
Еске салсақ, былтыр Польшадан келген саяхатшы Қазақстан арқылы Қытайға велосипедпен бет алған. Жетісу облысындағы өткізу пунктіне жетіп, шекарадан жаяу өтпек болған, бірақ ереже бойынша бұған рұқсат берілмеді. Сол кезде жергілікті тұрғындардың бірі оны Жаркентте автобусқа мінгізіп, шекарадан сәтті өтуіне көмектескен болатын.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться