Шетелге емделуге жіберу 50% ға төмендейді: Елімізде қандай озық технологиялар енгізіледі?

27.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетіліп жатыр. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.

«Біз ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелерді енгізіп жатырмыз. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілді. Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді», деді министр.

«Қазақстан балалары»: Тұжырымдама балаларға қатысты қандай мәселелерді шешеді?

Сондай-ақ министр мектептердегі медициналық пункттерді дефибрилляторлармен жабдықтау және стоматологиялық кабинеттерін ашу мәселелеріне тоқталды.

«Мектептердің медицина қызметкерлері жазатайым оқиғалар кезінде ғана емес, шұғыл жағдайда да көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Сондықтан мектептерді дефибрилляторлармен қамтамасыз ету өте маңызды. Осы орайда, әкімдерден жарақтандыруға тиісті қаржыландыру қарастыруын сұраймын. Алдағы 3 жыл ішінде қосымша 862 стоматологиялық кабинет ашуды жоспарлап отырмыз», деді Ақмарал Әлназарова.

Министр сондай-ақ елімізде нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:26

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді

Заң • Бүгін, 10:18

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

Президент • Бүгін, 10:04

Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?

Экономика • Бүгін, 10:01

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:50

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 09:37

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:14

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью