Шетелге оқуға түсіремін, сертификат беремін : Астанада алаяқ азаматтардың 152 миллион теңгесін иемденген

01.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Елорда тұрғыны білім беру саласында қызмет көрсетеміз деген желеумен 52 азаматтың жалпы сомасы 152 миллион теңге қаражатын иемденген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Кінәлі білім беру орталығының негізін қалаушы бола тұра, әлеуметтік желідегі аккаунттар және бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалар арқылы азаматтарға шетелде оқытуды ұйымдастыру желеуімен Еуропалық жоғарғы оқу орындарына түсіруді және шетелде бір жылдық тіл білімінен босатуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификаттарды беруге уәде етіп курстарға жазылуды ұсынған.
Бірақ уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал шет елге оқуға түсу іс жүзінде орындалмаған.

Сонымен қатар сотталғанның компаниясында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық аккредитация болмаған.

Мәселен, халықаралық сертификатты алып, баласын Еуропада білім алуға дайындатуға ниет білдірген жәбірленушілердің бірі 3 миллион теңгеге жуық шығынға ұшырады.

Кінәлінің өзіне жүктелген міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағаны, ал жәбірленушілермен келісім-шартты қылмыстық ниетін орындау мақсатында жасағандығы және ұрланған ақша қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді.

Сотталған өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен кінәлі 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға салады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью