Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
"Ирактағы исламдық қарсыласу" қозғалысының құрамындағы ираншыл шииттік топтар Сауд Арабиясына қарсы қандай да бір іс-қимыл жасалған жағдайда "қатаң жауап" қайтаратынын айтып қоқан-лоқы көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Бұған дейін дүйсенбіде Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі Ирактағы топтарға жауап қайтару құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдеген болатын. Ведомствоның пайымдауынша, бұл топтар ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен Сауд Арабиясының астаналық өңірі мен шығысындағы мұнай нысандарына соққы жасауға әрекеттенген.
"Біз, "Исламдық қарсыласу" қозғалысы, Сауд режиміне ашық ескертеміз: сіздердің кез келген ойланбай жасаған қадамдарыңызға қатаң жауап беріледі, бұл сіздерді істеген істеріңізге өкіндіретін болады", - делінген шииттік топтардың Telegram-арнасында жарияланған мәлімдемеде.
"Ирактағы исламдық қарсыласу" қозғалысы Корольдіктің Қорғаныс министрлігі таққан айыпты жоққа шығарып, Сауд Арабиясының мұнай нысандарына жасалған шабуыл әрекетіне жауапкершілік алудан бас тартты.
"Бұл негізсіз мәлімдемелер - йемендіктердің инфрақұрылымның қақ ортасына жасаған ауыр соққыларына жауап бере алмауын ақтауға тырысу ғана. Бұл йемендіктер тарапынан болатын келесі жауаптан қорыққандықтан туындап отыр", - деп атап өтілген мәлімдемеде.
Өз кезегінде Йеменнің солтүстігінде билік жүргізетін "Ансар Алла" (хуситтер) шииттік әскери-саяси қозғалысы дүйсенбі күні Корольдіктің батысындағы Қызыл теңіздегі Янбу портына шығыс кен орындарынан Сауд мұнайын тасымалдайтын нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Аталған шабуыл Сауд Арабиясы ұшырған дрондардың Йемен әуе кеңістігіне басып кіруіне қайтарылған жауап екені айтылады.
Бұдан бұрын хуситтер 12 жыл бойы Йемен әуе кеңістігін бақылауда ұстағанына және бортында хуситтер делегациясы бар ирандық ұшақ қонар сәтте Сана әуежайын атқылағанына жауап ретінде Сауд Арабиясына теңіз блокадасын орнататынын хабарлады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу